Accessibility links

Ресей: Грузия арандатушылық жасады


Ресей сыртқы істер министрлігі Грузия тыңшылыққа қатысты айыптаулар арқылы арандатушылық әрекет жасады дейді.

Осы аптаның басында Грузия таяудағы бомбалық жарылыстардың артында Ресей тұр деп айыптап, 6 адамды қамауға алғанын хабарлады. Оларға 6 жарылысты жүзеге асыру үшін Абхазиядағы Ресейдің әскери барлау қызметі өкілінің пайдасына жұмыс істеді деген айып тағылып отыр.

Оңтүстік Осетияға қатысты 2008 жылдың тамыз айындағы соғыстан кейін Ресей мен Грузия қарым-қатынастары одан сайын шиеленісе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG