Accessibility links

Биыл «Болашақтықтардың» рекордтық көлемі қайтып келедi


2010 жылы Қазақстанға «Болашақ» стипендиаттарының рекордтық көлемі - 1259 адам қайтып келедi.

Бұл туралы бүгін Қазақстан президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бітірушілерінің III Форумынан соң «Болашақ» ассоциациясының мүшесі, «Халықаралық бағдарламалар» қоғамының президенті міндетін атқарушы Нұрбек Саясат хабарлады.

«1259 адам – бұл «Болашақ» бағдарламасы тарихындағы ең көп бітіруші болып табылады. Қазір біз оларды жұмысқа орналастырудың нақты механизмдерін қарастырып жатырмыз», - деді Нұрбаек Саясат.

Сонымен бірге ол «біз төрт үлкен бағдарламаны жүзеге асыру бойынша болашақтықтар кадрлық жақсы нәтиже көрсетеді деп күтеміз» деп атап өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG