Accessibility links

Виктор Янукович Украина үкіметін реформалауда


Украина президенті Виктор Янукович үкімет төрағасы Николай Азаровты өз қызметінде қалдырды. Он бір министр мен төрт вице-министрлер де өз орындарында қалды.

Бұдан бұрын Янукович әкімшілік реформаның басталғандығын жариялап, 24 министрдің тек 16-сы қызметте қалатындығын айтқан еді. Өзгерістерге сәйкес, вице-министрлер енді жекелеген министрліктерді басқаратын болады.

Бұдан бөлек, атқарушы биліктің орталық органдарын екі есе қысқартып, мемлекеттік қызметкерлер санын 30 пайызға азайту көзделіп отыр.
XS
SM
MD
LG