Accessibility links

Ресей президенті демократияға лайық заңға қол қойды


Ресей президенті Дмитрий Медведев митингілер мен шерулер өткізу туралы заңның жаңа редакциясына қол қойды. Ол туралы жұма күні Кремльдің баспасөз-қызметі хабарлады.

Аталған заңның екінші нұсқасын Мемлекеттік дума 26 қарашада қабылдап, Федерация кеңесі мақұлдаған болатын.

Президент Медведев заңның алғашқы нұсқасында азаматтардың жиындар мен митингілер және шерулер өткізуін қиындататын баптары деп бар есептеп, оған тоқтау, яғни «вето» қойған болатын.

Осыдан кейін Мемлекеттік думада арнайы келісім комиссиясы құрылып, заңның жаңа нұсқасын ұсынды.
XS
SM
MD
LG