Accessibility links

Ауғанстанның солтүстігі мен Кабулда бүлікшілер шабуылы болды


Ауғанстанда бүлікшілер ел астанасы мен солтүстігінде бірнеше шабуылдар жасады.

Құндыз қаласындағы үш бірдей жанкештілік жарылыстан кемінде 5 полиция мен ауған әскері мерт болды.

Кабулда жарылғыш заттары бар екі бүлікші сарбаздар тасып бара жатқан автобусқа шабуылдап, бір әскер қаза тапты.

Ауған полициясының айтуынша, бүлікшілер бірінші автобусқа оқ атып, сосын жарылғыш заттарын іске қосқан.
XS
SM
MD
LG