Accessibility links

Алматы соты Ризада Жақыпбектің аппеляциялық шағымын қарайды


Бүгін Алматы қалалық сотында «Арын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ризада Жақыпбектің аппеляциялық шағымы қаралады.

Қараша айында «Арын» белсенділері Алатау ауданында жерін заңдастыра алмай жүрген Шаңырақ тұрғыны Дүйсен Рамазановтың үйінің іргетасын қалауға көмектесіп, кішігірім асар ұйымдастырған еді.

Осыған қатысты желтоқсан айының басында Алматы қаласының әкімшілік соты ұйым жетекшісі мен белсенділеріне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, ұйымның жұмысын 3 ай мерзімге тоқтату туралы шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG