Accessibility links

Түркіменстан ірі көлемдегі есірткіні жойды


Түркіменстанның құқық қорғау органдары арнайы операциялар барысында тәркіленген 700 килограмнан астам есірткі өртеді деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары. Үкімет бұл есірткінің Ашғабадтың сыртындағы Касамлы қаласында жойылғанын мәлімдеді. Бірақ операцияның қайда өткендігі мен есірткінің нақты түрі туралы егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Ашғабад есірткімен күрес әрекеттері туралы хабарды жиі тарата бермейді. Түркіменстан - әлемдегі ең ірі героин шығарушы елдердің бірі Ауғанстанмен шекаралас мемлекет.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG