Accessibility links

Алматыда "Нұр Отар" қозғалысы "Нұр Отанға" алғыс білдірді


Алматыда "Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдында "Нұр Отар" монархиялық жастар қозғалысының белсенділері жиналып, референдум идеясына қатысты "ризашылықтарын" білдіріп, "алғыс" айтты.

"Біздің дұғаларымыз билік партиясының құлағына шалынып, референдумға қатысты қол жинау науқанының белсенді түрде басталып кеткендігіне алғысымызды білдіреміз", - дейді қозғалыс белсенділерінің бірі.

"Президент тек 2020 жылға дейін ғана емес, өмір бойы бізді басқаруы тиіс" деген жастар алдағы референдумды қолдаушы екі миллиондай "қойдың" қолын жинап, билікке көмектесеміз дегенді айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG