Accessibility links

Гаитиде мыңдаған адам тырысқақ ауруынан көз жұмды


Гаити билік орындарының мәліметінше, елде тырысқақ ауруынан қаза болғандардың саны 3300-ден асқан. Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, Гаитиде тырысқақ дертінен кемінде 3333 адам көз жұмған, 149 мыңға жуық адам бұл ауруға шалдыққан.

Осыдан 10 апта бұрын Гаитиде тырысқақ ауруы бұрқ ете қалған болатын. Бұл дерт адамдарға негізінен лас су мен азық-түлік арқылы өтеді.

Гаитиде қаңтар айында жер сілкініп, 250 мыңға жуық адам қаза тапқан еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG