Accessibility links

Бразилиядағы тасқын 600-ден аса адамның өмірін әкетті


Бразилияның таулы аймақтарындағы су тасқыны мен лай көшкінінен құрбан болғандар саны 600-ден асып, тағы біраз адам жоғалғандар тізімінде тұр.

Табиғат апаты Ново-Фрибурга қаласындағы 270 адамның өмірін жалмап, оған жақын Тересополис қаласында 260 тұрғын қаза тапты.

40 жылдан бергі ең ауыр табиғат апатынан құрбан болғандарды аза тұту үшін елде 7 тәулік - қаралы күн деп жарияланды.

Өткен аптада басталған су тасқыны мен лай көшкіні кедей тұратын аймақтағы халықтың баспаналарын шайып кетіп, кейбір отбасы түгелімен суға кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG