Accessibility links

Атырау полициясы зиратты бұзған деген күдікпен жеті адамды ұстады


Атыраудағы «Жөнеген» мұсылмандар қорымындағы зираттарды қиратқан деген күдікпен 19-20 жастағы жеті азаматтың ұсталғанын хабарлады бейсенбі күні брифингте қылмыстық полиция басқармасының бастығы Амандық Мұқашев.

Полиция өкілі ұсталғандардан сүймен, шеге суырғыш сияқты құралдар, Құран және өзге де діни әдебиеттер алынғанын хабарлады. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау орнына қамалған.

Атыраудағы «Жөнеген» және «Ноғай» мұсылман қорымдарындағы отыздан астам зиратты белгісіз біреулер қиратып кеткен соң ол оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалғанын Азаттық радиосы бұған дейін хабарлаған.
XS
SM
MD
LG