Accessibility links

Назарбаев: 1994 жылдан бері жалпы ішкі өнім 12 есе артты


Биылғы қаңтардың басында Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 9 мың доллардан асты деп мәлімдеді жұма күні парламентте кезекті жолдауымен таныстырған сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«1994 жылы жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 700 доллардан сәл көп болса, 2011 жылы қаңтардың бірінде ол 12 еседен артық өсіп, 9 мың доллардан асты. Біз жоспарымызда бұл межеге тек 2015 жылы жетеміз деп белгілеген едік», – деді президент Назарбаев.

2020 жылға қарай Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 30 пайыздан кем болмайды деп мәлімдеді президент Назарбаев.
XS
SM
MD
LG