Accessibility links


ЮНЕСКО өз өлшемдері бойынша адамдарды оқыған кітап санына қарай бөлген екен: 1. Көп оқитын, яғни бір жылда 21 және одан көп кітап оқитын адам. 2. Орташа оқитын, бір жылда 6-20 кітап оқитын адам. 3. Аз оқитын, бір жылда 1-5 кітап оқитын адам. 4. Еш кітап оқымайтын адам.

Сіз осы категорияның қайсысына жатасыз? Мысалы өткен жылы оқыған кітаптарыңызды бір санап шығыңызшы. Сосын шыныңызды бүкпей осы жерге жазыңыз. Бұл бір өтініш. Мен мысалға жиырмаға жуық кітап оқыған шығармын деп ойлаймын. Сонда мен орташа оқитындар қатарына жатады екенмін.

Негізі әр бір кітап, жеке жеке бір мұғалім, ұстаз. Сені оқытудан, саған қайталаудан жалықпайды. Тіпті бұл ұстаздың сабағына жүз рет кіремін десең де саған қабақ шытпайды, ұрыспайды. Егер сіздің кітап оқу дағдыңыз жоқ болса, бір күніңізді зая жіберместен, кірісіңіз. Кітап оқуға.

Бірақ, бірінші бұл саяхатқа шықпастан бұрын, жақсылап дайындалып алыңыз. Жарты жолда шаршап, тастап кетпейтіндей. Бірінші, өзіңізге қызықты бір кітап алып асықпай оқып шығыңыз басынан аяғына дейін. Сосын біраз уақыттан кейн тағы бір кітап алыңыз. Өзіңіздің кітап оқуға ыңғайлы уақытыңызды табыңыз. Күн сайын сол уақытта бір жарты сағат кітап оқуға машықтаныңыз. Одан кейін іздеңіз. Жауап іздеңіз. Жауап іздеу үшін сұрақ сұраңыз. Мысалға қандай сұрақ? “Мен кіммін?” Иә, иә, мен – менмін, сен – сенсің... Кете береді, бірақ, негізінде, мен – ол сен, ал сен – мен. Яғни біз адамбыз. Адамзатпыз. Адамзатты танып білу үшін, бірінші өзімізді танып алуымыз керек. Өзіңді түсінген сайын, басқаларды түсіне бастайсың. Өзіңді тану арқылы, өзіңді жаратқанды танисың.

Барлық жол, бірінші қадамнан басталады. Басыңыз алғашқы қадамыңызды. Бір кітап дүкеніне кіріп, қатарда тізілген кітаптармен танысып шығыңыз. Сіз өз кітабыңызды табасыз. Кейде сіз кітапты емес, кітап сізді таңдайды. Кім біледі, бәлкім сол қаладағы кезекті бір кітап дүкеніндегі кітап сөрелерінде сіздің кітабыңыз сізді сарғая күтіп жатқан шығар. Асығыңыз.

Бұл саяхаттан қалмаңыз.

bekjan.dosym.kz

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG