Accessibility links

Египет армиясы шерулерді тоқтатуға шақырды


Бүгін Египет армиясы наразылық танытушыларды президентке қарсы шерулерін тоқтатуға шақырды.

Сейсенбі күні президент Хосни Мүбәрәк биылғы қыркүйекке жоспарланған президенттік сайлауға өзінің түспейтіндігін мәлімдеді. Армия баспасөз хатшысы мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде билік египеттіктердің талаптарын естіді, енді күнделікті өмірді қалпына келтіруге уақыт келді деп атап көрсетті.

Алайда сәрсенбі күні Каирдің Тахрир алаңына қайтадан жинала бастаған халық билікте 30 жыл отырған Хосни Мүбәрәктің дереу кетуін талап етіп жатыр. Сонымен қатар Мүбәрәкті қолдаушылар сәрсенбіде Каир мен басқа да қалаларда шерулер өткізді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG