Accessibility links

«Халық билігі» блогы ортақ кандидат шығаруды немесе сайлауға бойкот жариялауды ұсынды


«Халық билігі» саяси блогы Қазақстанда сәуірдің 3-іне белгіленген кезектен тыс президент сайлауына байланысты ортақ ұстанымды айқындау үшін талқылау өткізуді ұсынып «Азат» жаплыұлттық социал демократиялық партиясы мен бірқатар қоғамдық бірлестіктердің атына үндеу таратты.

Қазақстан коммунистік партиясы мен тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшілері қол қойған үндеуде елде кезектен тыс президент сайлауына дейін тым қысқа мерзім белгілеген биліктің «оппозицияға сайлауға дайындалуға мүмкіндік бермей, президент Назарбаевты қызметінде қалдыруды мақсат тұтып отырғаны» айтылған.

Үндеу авторлары «Нұрсұлтан Назарбаевқа барлық қолайлы жағдай алдын ала жасалған» кезектен тыс сайлауға ортақ кандидат шығарғанда «сайлауда жеңіп шығу туралы утопиялық мақсат үшін емес, қоғамның парасатты, қазіргі билікке наразы барлық күшін біріктіруші» болғанын басшылыққа алуды, ал егер ортақ кандидат болмаған жағдайда бұл сайлауға белсенді бойкот жариялауды жөн көреді.

Жұма күні ресми баспасөзде Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылғы сәуірдің 3-іне тағайындау туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы жарияланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG