Accessibility links

Эссанждың адвокаттары оны Швецияға экстрадициялауға қарсы


WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Эссанж бүгін, өзін Стокгольмнің экстрадициялауын талап еткенінен қарамастан, Ұлыбританияда тұра беру құқын сот арқылы қорғамақ.

Швецияда Эссанжға жыныстық қарым-қатынасқа байланысты қылмыс жасады деп айып тағылған. Оның Лондондағы адвокаттары экстрадициялау керек емес дейді. "Өйткені Эссанжға ешқандай ресми айып тағылған жоқ, ол тергеу сауалдарына жауап беруге дайын" дегенді айтты адвокаттар.

Адвокаттар Эссанжды Швецияға күштеп қайтарған соң оны АҚШ-қа ұстап бере ме деп қауіптенеді. Құрама Штаттар WikiLeaks сайтының негізін қалаушыға мыңдаған құпия құжатты жариялады деген айып тағып отыр.
XS
SM
MD
LG