Accessibility links

АҚШ Египеттің төтенше жағдай туралы заңнан бас тартуын талап етеді


АҚШ Египетке дағдарыстан шығу үшін төрт түрлі шара қолдану керегін айтады. Екі елдің вице-президенттері – Джо Байден мен Омар Сулейман телефон арқылы сөйлескен соң Ақ үй таратқан арнайы мәлімдемеде осы шаралар санамаланған.

Бірінші қадам – журналистерді, саяси және азаматтық белсенділерді тұтқындауды доғару; жиналысқа рұқсат ету және сөз еркіндігін шектеуді тыю. Екінші іс – Египетте 30 жылдан бері келе жатқан төтенше жағдай режимінен бас тарту. Үшінші және төртінші қадам – билік пен оппозицияның келіссөздерін жалғастыру; демократияға өтудің анық кестесін бірге жасау.
XS
SM
MD
LG