Accessibility links

Назарбаев қазақ тілі емтиханын тапсырып жатыр


Қазақстан президенттігінен үміткер қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі емтиханын тапсырып жатыр деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі.


Конституцияға сәйкес, президенттікке үміткерлер мемлекеттік тілді жақсы меңгерген азаматтар болуы тиіс.

Осыған дейін бұл емтиханнан президент сайлауына түсуге өтініш тапсырған оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар өтпей қалған болатын. Ал эколог Мұсағали Дуамбеков қазақ тілі сынағынан сәтті өтті деп хабарланған еді.

Кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-не тағайындалған.

XS
SM
MD
LG