Accessibility links

Бахрейнде қақтығыс кезінде екі адам қаза болды


Бүгін Бахрейн астанасы Манама қаласында шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыс салдарынан екі адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды.

Қауіпсіздік күштері өткен түнді қаланың орталық алаңында өткізген шерушілерді резеңке тоқпақ пен көзден жас ағызатын газдың көмегімен күштеп таратпақ болған еді.

Сәрсенбі күні жүздеген адам содан бір күн бұрын полиция мен шерушілердің қақтығысы кезінде мерт болған кісіні жерлеуге жиналған. Қаралы жиынға қатысушылар үкіметке қарсы ұрандар айтып, наразылықтарын білдірді.

Патша әулеті билік құрып отырған Бахрейн еліндегі бұл толқулар Тунис пен Египеттегі оқиғалардан соң басталды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG