Accessibility links

Египет премьер-министрі қызметінен кетті


Египет премьер-министрі Ахмед Шафиқ қызметінен кетті.

Египет қарулы күштерінің жоғарғы кеңесі бұрынғы көлік министрі Ессам Шарафтан жаңа үкімет құруды сұрады.

Шафиқты бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк биліктегі өзінің соңғы күндерінде премьер-министр етіп тағайындаған болатын. Каирдің Тахрир алаңындағы наразылық танытушылар Шафиқтың орнынан алынуын талап еткен еді.

Ақпанның 11-інде Мүбәрәк биліктен кетуге мәжбүр болған соң Египетті елдің әскери кеңесі басқарып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG