Accessibility links

Кувейт жастары шеру өткізбекші


Кувейттегі жастар тобы бүгін наразылық шарасын өткізбекші. Бүл шеруге билік орындары рұқсат бермеген.

Наразылық шарасын ұйымдастырушылар премьер-министр Шейх Нассер әл-Мохаммад әл-Сабахтың қызметінен кетуін және саяси бостандықты талап етпекші.

Кей жастар Кувейтті 250 жылға жуық уақыттан бері басқарып келе жатқан әл-Сабах әулетіне қатысы жоқ саясаткердің тағайындалуын талап етіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, Кувейт парламентінде айтарлықтай ашық талқылаулар өтеді бірақ бұл мемлекетте саяси партияларға тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG