Accessibility links

Конгресте АҚШ мұсылмандарына қатысты тыңдау өтеді


Бүгін АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы америкалық мұсылмандар арасында радикалды бағыт ұстанушыларға қатысты мәселе бойынша тыңдау өткізеді.

Өкілдер палатасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Питер Кинг "Әл-Қаида" ұйымы және онымен байланысы бар топтардың америкалық мұсылмандарды террорлық іс-қимылдарға тартуға әрекет жасап жатқанын айтып алаңдаушылық білдірді.

Оның сөзінше, АҚШ-тың мұсылмандар қауымдастығы жетекшілері мен мешіт имамдары "жас мұсылмандар арасындағы радикалды ағымға қарсы тұру үшін жеткілікті дәрежеде күш жұмсамайды, террорлық шабуылдардың алдын алу ісінде құқық органдарына жәрдемдесіп отырған жоқ".

АҚШ-тағы мұсылмандар қауымдастығы өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділері мұндай тыңдау өткізуге қарсы болып отыр.
XS
SM
MD
LG