Accessibility links

Мароккода наразылық шеруіне шыққандарға полиция күш қолданды


Марокконың ең үлкен қаласы Касабланкада жексенбі күні наразылық шеруіне шыққандарға полиция күш қолданып оншақты адам зардап шеккен.

Наразылық акциясына қатысқандардың айтуынша, олар бейбіт шеруге шыққанына қарамастан, полицейлер оларды тоқпақпен ұрып тарқатқан. Шеруге шыққан адамдар елде демократиялық реформалар жүргізуді талап еткен.

Өткен аптада Марокко королі Мохаммед конституцияға енгізілетін өзгерістерді әзірлейтін арнайы комитет құрылатынын жариялады. Бұл өзгерістер қызметке сайланатын шенеуніктердің өкілеттіктерін ұлғайтып, соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталатындығы айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG