Accessibility links

Жапонияның атом стансасынан тараған радиация күші азая бастады


Жапония билігінің хабарлауынша, АЭС-тегі үшінші жарылыстан кейін адам өміріне қауіпті деңгейде тараған радиация көлемі азайды.

Премьер-министр Наото Кан жергілікті халықты Токионың солтүстігінде апатқа ұшыраған ядролық кешеннен алшақ, үй ішінде отыруға шақырды. Ел үкіметі тағы да радиация тарауы мүмкін деп ескертіп отыр.

Токиодан 240 шақырым оңтүстікке қарай радиация деңгейі аздап көтерілген. Қытайдың әуе компаниясы Бейжің мен Шанхайдан Токиоға қарай ұшатын рейстерін тоқтатып қойды.

Бұл тұста бүгін Жапонияның құнды қағаздары 13 пайызға құлдырады. Дүйсенбі күні ол 7,6 пайызға төмен кеткен еді.
XS
SM
MD
LG