Accessibility links

Бахрейн билігі елде төтенше жағдай тәртібін енгізді


Бахрейн билігі елде үш ай мерзімге төтенше жағдай тәртібі енгізілетінін жариялады. Сейсенбі күні үкіметке қарсы наразылық шеруіне шыққандар мен полиция арасында болған қақтығыстан кемінде екі адам қаза тауып, ондаған кісі жараланғаны туралы ақпарат тарап отыр.

Би-би-си-дің хабарлауынша, жергілікті дәрігерлер ауруханаға түсіп жатқандардың дені оқ тиіп жараланғандар екенін айтқан. Жараланғандардың сөзіне қарағанда, полицейлер наразылық шеруіне шыққандарды қуып таратқан кезде медициналық жедел жәрдем көліктерін пайдаланған.

Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастығы кеңесінің Бахрейнге шетелдік әскери контингент жіберу туралы шешіміне сәйкес дүйсенбі күні Бахрейнге Сауд Арабиясынан мыңға жуық әскерилер келген. Оның алдында Бахрейн билігі елдегі үкіметтік нысандарды қорғау үшін көрші мемлекеттерден жәрдем сұраған еді.

Бахрейнге шетелдік әскердің енгізілуіне Иран үкіметі сын айтқан соң Бахрейн Теһрандағы елшісін кері шақырып алды.

Ақпан айынан бері Бахрейнде шииттер үкіметтің отставкаға кетуін және сүниттік король әулетінің билігін шектеуді талап етіп шерулер өткізді.
XS
SM
MD
LG