Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның 2 сарбазы опат болды


Ауғанстанның оңтүстігінде қолдан жасалған бомба жарылып, НАТО-ның екі сарбазы мерт болды. Сәрсенбі күнгі жарылыс туралы НАТО өкілдері бүгін хабарлады. Бірақ олар бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Наурыз айында Ауғанстанда қаза болған халықаралық қауіпсіздік күштерінің саны 23-ке жетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG