Accessibility links

Болат Жәмішев: Қазақстанға биыл 1 миллиард доллар инвестиция келеді


Қазақстанға биыл халықаралық қаржы ұйымынан бір миллиард долларға жуық инвестиция бөлінеді деп мәлімдеді бүгін Қазақстанның қаржы министрі Болат Жәмішев.

«Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізге бір миллиард доллар шамасында инвестиция салуды жоспарлап отыр», - деді министр брифингте.

Жәмішевтің айтуынша, аталмыш ұйым Қазақстан экономикасының әртүрлі саласы бойынша жобаларды қаржыландыру үшін 2,8 миллиард доллар бөлу жөнінде міндеттемелер алған, бұл Қазақстанға жеті миллиард еуродан аса сомаға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік бермек.

«Экономикалық ынтымақтастықтың нәтижесінде банк қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына бес миллиард доллардан астам инвестиция салды», - деп атап көрсетті Болат Жәмішев.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG