Accessibility links

Ақмола облысындағы түрмеде тұтқындар наразылық танытпақ болған


Ақмола облысындағы колониялардың бірінде тұтқындардың наразылық акциясына жол берілмеді деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жексенбіге қараған түні Ақмола облысындағы ЕЦ-166/4 колониясында тұтқындар денелерін тілмекші болған. Бұл оқиғаның алды алынған деп хабарланып отыр. Бір топ тұтқыннан табылған өткір заттар тәркіленіп, түрмедегі жағдайды әкімшілік бақылауға алған делінеді.
XS
SM
MD
LG