Accessibility links

Грекия ауқымды жекешелендіру өткізбек


Үкіметке наразылық білдіріп көшеге шыққандар полиция жасағынан қашып барады. Афины, 11 мамыр 2011 ж.

Үкіметке наразылық білдіріп көшеге шыққандар полиция жасағынан қашып барады. Афины, 11 мамыр 2011 ж.

Грекия халықаралық қаржылай жәрдем алғаны үшін өзіне алған міндеттемесін орындап елде өте ауқымды көлемде жекешелендіру іс-шараларын өткізбекші.

Еуро аймағына енетін мемлекеттер қаржы министрлері кеңесінің басшысы, Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Юнкердің айтуынша, Халықаралық валюта қорының талабына сәйкес грек үкіметі мемлекет меншігіндегі құны 50 миллиард еуроның дүние-мүлкін жекешелендіруі тиіс.

Бұған дейін Брюссельде өткен жиында Еуропа одағы елдері қаржы министрлері аса қатты бюджет тапшылығына кезіккен Грекияға 110 миллиард доллар несие бөлуге шешім қабылдаған еді.

Грекия билігінің дағдарыстан шығуға бағытталған қатаң шаралары елде үкіметке қарсы наразылықты күшейтіп жіберді.
XS
SM
MD
LG