Accessibility links

Рахат Әлиев Нұрбанк менеджерлерінің өліміне қатысым жоқ дейді


Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев

Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев

Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев Нұрбанк менеджерлерінің өліміне өзінің қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, мамырдың 13-де денелері табылған Нұрбанктің топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті өлтіруге байланысты қылмыстық іс қозғалған. Осыған байланысты Рахат Әлиевке айып тағылуы мүмкін деді Меркель.

Рахат Әлиев өзінің блогында "бұл - арнайы қызметтер мен прокуратура жасап отырған арандатушылық" деп жазған.

Темірәлиев пен Хасенов 2007 жылы 31 қаңтарда "Нұрбанктегі" оқиғадан кейін жоғалып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG