Accessibility links

Пәкістан күштері әскери базаға қайтадан бақылау орнатты


Пәкістан ішкі істер министрі Рехман Малик тілшілерге сұхбат беріп тұр. Карачи. 23 мамыр. 2011

Пәкістан ішкі істер министрі Рехман Малик тілшілерге сұхбат беріп тұр. Карачи. 23 мамыр. 2011

Пәкістанның әскери теңіз флоты 15 сағат бұрын тәліптер басып алған Карачидегі базаны қайтадан өз бақылауына алды. Әскери өкілдердің хабарлауынша, базада қарсылықтар тоқтағанмен әлі де іздеу шаралары жүріп жатыр.

Теңіз күштері әскери база толық тексеріліп біткенше Талибанмен қақтығыста қанша адам қаза тапқаны жайлы мәлімет бере алмайтындарын айтты. Бұған дейін қарулы содырлар жексенбі күні базаны басып алу кезінде кемінде 12 әскери мерт болғаны хабарланған.

Бұл шабуылдың жауапкершілігін Талибан өз мойнына алып отыр. Олар Мехран теңіз бекетіне жасалған шабуыл мамырдың 2-сінде АҚШ күштерінің қолынан қаза тапқан Усама бин Ладеннің өлімі үшін кек қайтару дейді.
XS
SM
MD
LG