Accessibility links

Йемен астанасында бірнеше жарылыс болған


Ішкі істер министрлігіне жақын маңда өрт шыққаны байқалады. Сана, Йемен, 25 мамыр 2011 ж.

Ішкі істер министрлігіне жақын маңда өрт шыққаны байқалады. Сана, Йемен, 25 мамыр 2011 ж.

Йемен астанасы Сана қаласында жексенбінің кешінде бірнеше жарылыс болған. Әзірге оның себеп-салдары жөнінде нақты ақпарат жоқ.

Ал елдің оңтүстігіндегі Таиз қаласының орталығына шеруге шыққандарды қауіпсіздік күштері қуып таратқаны хабарланды.

Сенбі күні Абьян провинциясындағы Зинджибар қаласында 8 бейбіт тұрғын мен 18 әскери қызметкер өлген деген ақпарат тараған болатын. Билік ол қаланы бүлікшілер басып алды деп мәлімдеді. Оппозиция президент Әли Абдолла Салехті қаланы қарулы топқа әдейі берді, бұл іске «әл-Каиданың» қатысы бар деп көрсеткісі келеді деп айыптайды.

Бұған дейін президент Салех егер өзі биліктен кететін болса, оның соңы исламшыл экстремистердің бас көтеруіне ұласады деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG