Accessibility links

Борис Тадич: Сербия алдағы уақытта Горан Хаджичті де ұстайды


Сербия президенті Борис Тадич.

Сербия президенті Борис Тадич.

Сербия Балкандағы соғыс қылмыстарына қатысты айып тағылғандарды жауапқа тарту үшін халықаралық сотқа алдағы уақытта да жәрдемдеседі деп мәлімдеді Сербия президенті Борис Тадич.

Белградтың өз міндеттемелерінен бас тартпайтынын атап өткен Тадич, соғыс қылмысына байланысты халықаралық іздеуде жүрген Хорватия сербтерінің бұрынғы жетекшілерінің бірі «Горан Хаджич те жуық арада ұсталады» дейді.

Өткен бейсенбіде президент Борис Тадич 1990-жылдардың ортасында Босниядағы азамат соғысы кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс жасаған» деген айып тағылған Ратко Младичтің қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Ратко Младичті Гаага халықаралық трибуналына беру туралы Сербия сотының шығарған шешіміне айыпкердің адвокаттарының апелляциялық шағымы бүгін сотта қаралуы тиіс.
XS
SM
MD
LG