Accessibility links

Moody's агенттігі АҚШ-тың несие рейтингі төмендеуі мүмкін екенін тағы ескертті


Халықаралық «Moody's» рейтинг агенттігі АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын азайтатын шараларды қолға алмаса, ол елдің несиелік рейтингін төмендетуі мүмкін екендігін тағы да мәлімдеді. Агенттік соңғы екі айда АҚШ-қа қатысты осымен екінші рет ескерту жасап отыр.

«Moody's» агенттігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде АҚШ Конгресі елдің мемлекеттік қарызының шекті мөлшерін ұлғайтатын болса, онда АҚШ-тың несие рейтингі өзгеретіні айтылған.

Қазір АҚШ-тың мемлекеттік қарызының көлемі 14,3 триллион долларды құрайды.

Халықаралық агенттік, америкалық үш жетекші банктердің рейтингі де төмендеуі мүмкін екендігін ескертіп отыр. Оған себеп - банкроттық қаупі туындай қалған жағдайда бұл банктерге үкімет тарапынан көмек болатыны туралы нақты кепілдің жоқтығы дейді «Moody's» рейтинг агенттігі.
XS
SM
MD
LG