Accessibility links

Жеке дәулеті жайлы хабардан соң Бразилия президенті аппаратының басшысы қызметінен кетті


Бразилиядағы Рио де Жанейро қаласы. Көрнекі сурет.

Бразилиядағы Рио де Жанейро қаласы. Көрнекі сурет.

Бразилия президенті аппаратының басшысы Антонио Палоччи жеке дәулетіне байланысты баспасөзде жарияланған ақпараттан соң қызметтен өз еркімен кетуді жөн деп тапты.

Бразилия ақпарат құралдары елдегі ықпалды саясаткер, ұлттық экономиканың қарқынды дамуының негізін қалағандардың бірі, бұрынғы қаржы министрі Антонио Палоччидің жеке байлығы соңғы төрт жылда 20 есеге көбейгені туралы жазған еді.

Палоччи өзінің барлық кіріс-табысы заңды жолмен келгенін прокуратураның ресми түрде растағанын айтып, бірақ ел президенті Дилма Русеффтің беделіне нұқсан келтірмес үшін отставкаға кетуді ұйғарғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG