Accessibility links

Қытай президенті Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары басталды


Қытай президенті Ху Цзиньтао Азия елдерінің жылдық конференциясында сөз сөйлеп тұр. 15 сәуір. 2011

Қытай президенті Ху Цзиньтао Азия елдерінің жылдық конференциясында сөз сөйлеп тұр. 15 сәуір. 2011

Жексенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың әуежайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық саммитінің жұмысына қатысу үшін Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай президенті Ху Цзиньтаоны қарсы алды.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маусымның 11-20 аралығында ТМД елдерін аралайтын Қытай басшысы Ху Цзиньтао Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммитіне де қатысқан соң, Қазақстан жетекшілерімен келіссөздер өткізеді.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжоу Лидің хабарлауынша, Қытай президентінің сапары кезінде екіжақты сауда-экономикалық саласында бірқатар құжаттарға қол қойылады.
XS
SM
MD
LG