Accessibility links

Тимошенко украин билігін "сот төрелігін жекешендіріп алды" деп айыптады


Юлия Тимошенко Киевтегі сот отырысында. Украина, 24 маусым 2011 жыл.
Юлия Тимошенко Киевтегі сот отырысында. Украина, 24 маусым 2011 жыл.
Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко бүгін Киевтің Печерск аудандық сотында өзіне қарсы басталған қылмыстық істе сотқа наразылық білдірді.

Сот отырысына дейін журналистермен сөйлескен Тимошенко украин билігін "сот төрелігін жекешендіріп алды" деп айыптады.

Тимошенконың жақтастары (шамамен 5-10 мың адам) сот ғимараты маңына жиналды. Ол жерге бұрынғы премьер-министрге қарсы бірнеше жүз адам да келді деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

Тимошенкоға 2009 жылы Ресеймен газ жеткізу келісіміне қол қойғанда өкілетін асыра пайдаланды, Украина бюджетіне 190 миллион АҚШ доллары көлемінде зиян шектірді деген айып тағылған.

Юлия Тимошенко "саяси репрессия құрбаны" екенін айтып, Еуропадағы адам құқы жөніндегі сотқа шағымданғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG