Accessibility links

Астанаға барған мұнайшылардың пәтерлерінің терезесі сындырылды


Мәлік Меңдіғалиев, «Қаражанбасмұнай» компаниясының жұмыстан шығарылған қызметкері. Астана, 24 маусым 2011 жыл.
Мәлік Меңдіғалиев, «Қаражанбасмұнай» компаниясының жұмыстан шығарылған қызметкері. Астана, 24 маусым 2011 жыл.
Президентке қайырылған екі маңғыстаулық ереуілшінің пәтерлерінің терезелерін белгісіз біреулер сындырып, бөлмелеріне бензин шашып кеткен. Бұл туралы жұма күні Астанаға барып, президент әкімшілігіне үндеу хат тапсырған Берік Қылышов пен Мәлік Мендіғалиев Азаттық тілшісіне хабарлады.

Бұл жайтқа байланысты Маңғыстау ішкі істер департаментіне хабарласқанымызбен, жауап ала алмадық. Ондағы кезекші қызметкер дүйсенбі күні хабарласуымызды сұрады.

«Қаражанбасмұнай» компаниясындағы жұмысынан босатылған мұнайшылар маусымның 24-нде Астанаға барған болатын.

Батыс Қазақстанда мұнайшылардың наразылық шарасын өткізіп жатқанына бүгін 40 күн болды.
XS
SM
MD
LG