Accessibility links

Астана күні мен Назарбаевтың туған күніне арналған концерт өтпей қалды


Қазақстан президентінің резиденциясы Ақорда.
Қазақстан президентінің резиденциясы Ақорда.
Cәрсенбіде Астанада қала күні мерекесіне арналған қорытынды гала концерт өтпей қалды.

Бұл турасында ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. «Астана - бақыт мекені» концертін өткізу 6 шілде күні кешке белгіленген еді.

Концерт алдында нөсер басталған. Техникадан су өтіп кеткен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, концертте "жарық пен дауыс театры" үлгісіндегі қойылым қамтылған. Оған керекті техника 4 елден 5 жүк ұшағымен және 10 жүк көлігімен жеткізілген.

Концертке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келеді деген. Шілденің 6-сы - Астана күні ғана емес, Назарбаевтың да туған күні.
XS
SM
MD
LG