Accessibility links

АҚШ Пәкістанға көмегін уақытша тоқтатты


Пәкістан армиясына жыл сайын 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек беріледі.
Пәкістан армиясына жыл сайын 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде көмек беріледі.
Обама әкімшілігі Пәкістан армиясына беретін миллиондаған доллар көлеміндегі көмегін тоқтатуы мүмкін себебі Вашингтон Пәкістанның бүлікшілерге қарсы науқанына қанағаттанбай отыр.

New York Times басылымы АҚШ-тың жоғары лауазымы өкілдеріне сілтее жасап, Вашингтон Пәкістанның қауіпсіздігі үшін берілетін 2 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі көмегінің 800 миллионын уақытша тоқтатты деп хабарлады.

АҚШ өкілдерінің айтынш, егер қарым-қатынастар жақсарып, Пәкістан бүлікшілермен күресін күшейтсе, Исламабадқа қайтадан көмек көрсетіле бастауы мүмкін.

Мамыр айында АҚШ күштері Пәкістанның Абботтабад қаласында рейд жүргізіп, лаңкестік "Әл-Қаида" ұйымын басқарған Усама бин Ладенді өлтірген болатын. Осыдан кейін Пәкістанның ресми өкілдері бин Ладенді жасырған болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Соңғы апталарда Пәкістан әскерилерді жаттықтыратын АҚШ бағдарламасын жауып тастады. Сонымен қатар Исламабад бүлікшілерге пилотсыз ұшақтар арқылы шабуылдарды ұйымдастыратын базаны жабуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG