Accessibility links

Руперт Мердок парламент алдында жауап береді


Руперт Мердок.
Руперт Мердок.
News Corporation компаниясының иесі Руперт Мердок бүгін ұлы Джеймс екеуі News of the World апталығы дауына орай Британия парламентінде жауап береді.

Аталған басылым телефон шатағына байланысты жабылған еді. Алайда жанжал салдарынан полиция қызметкерлері де өз еркімен қызметтен кете бастады. Британия полициясының жоғары шенді комиссары Пол Стивенсоннан кейін Лондон полициясының лаңкестікпен күрес бөлімінің бастығы Джон Йейтс те отставкаға кетті. Ол екі жыл бұрын істі аяғына жеткізбей жапқаны үшін айыпталды.

News of the World басылымы жүздеген адамның телефонын жасырын тыңдағаны үшін айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG