Accessibility links

Қытай Шыңжаңдағы қақтығысқа шеттен келген топтарды айыптады


Шыңжаң аймағындағы Қашғар қаласының мұсылмандары жұма намазын оқып жатыр.

Шыңжаң аймағындағы Қашғар қаласының мұсылмандары жұма намазын оқып жатыр.

Қытай билігі елдің батысындағы қанды шабуыл үшін шет елден, оның ішінде Пәкістанда жаттығудан өтіп келген ислам экстремистері жауапты деді. Шыңжаң аймағындағы Қашғар қаласында сенбі-жексенбі күндері болған қақтығыстардан кемінде 18 адам қаза тапты.

Синьхуа агенттігі Қашғар үкіметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, полицияның алдыңғы деректеріне қарағанда, бұл қақтығыстың артында тұрған топ жетекшілері Пәкістандағы «Шығыс Түркістан ислам қозғалысының» лагерінде арнайы жаттығудан өткен деді.

Шыңжаңда этникалық қақтығыстар соңғы жылдары күшейіп келеді. 2009 жылы Үрімжідегі ұйғырлар мен хансулар арасындағы текетірестен 200-дей адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG