Accessibility links

Қырғыз полициясы соққыға жыққан Ресей азаматы көз жұмды


Қырғызстан картасы
Қырғызстан картасы
Қырғызстанның оңтүстігінде өзбек текті Ресей азаматы қаза болды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Бас прокуратураның баспасө хатшысы Талант Қонақбаевтың айтуынша, жексенбі күні жергілікті полиция Дадамирза Холмирзаевты соққыға жыққан. Сөйтіп ол сейсенбі күні Жалалабад облысындағы ауруханада көз жұмған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Холмирзаевтың қабырғасы сынып, ауыр жарақат алған.

Базар-Коргон ауданында бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG