Accessibility links

Ресей өкілі Иранда ядролық келіссөздер мәселесін көтермекші


Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев.
Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев.
Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев бүгін Тегеранға барып, Иран жетекшілерімен екі күндік келіссөздер өткізеді.

Патрушев бұл сапарында Иранды даулы ядролық бағдарламасына қатысты алты жақты келіссөздерге қайта оралу мәселесін көтереді деп айтылып отыр.

Британия, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ және Германия елдерінің қатысуымен өткен ядролық келіссөздер қаңтар айында тоқтап қалған.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенсе, Тегеран оны жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтады.
XS
SM
MD
LG