Accessibility links

Египетте шерушілер Израиль елшілігіндегі туды алып тастады


Израиль қауіпсіздік күштері Египетпен шекаралас Қызыл теңіз аймағын күзетіп тұр.
Израиль қауіпсіздік күштері Египетпен шекаралас Қызыл теңіз аймағын күзетіп тұр.
Қаирдегі Израиль елшілігі жанына жиналған топ мысырлық қауіпсіздік қызметінің 5 бірдей өкілінің өліміне наразылық танытты.

Осыдан бір күн бұрын Египет екі ел арасындағы жағдай ушығып отырғанына қатысты Израилдегі елшісін қайтарып алған.

Израиль-Египет шекарасында қаза тапқан египеттік сарбаздардың өліміне қатысты екі елдің байланысы нашарлап отыр. Египет өкілдері бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарына қатысатындарын айтқанымен, онымен мәселе шешіле қоймайды, Израиль дұрыстап жауап беру керек деді.

Бүгінгі наразылық шарасында Израиль елшілігі ғимаратының үстіне өрмелеп шыққан египеттік ол елдің туын алып тастаған. «Египет спайдермені» деп аталған ол адамның әрекетін сол маңда тұрған наразы топ қуанышпен қолдаған.
XS
SM
MD
LG