Accessibility links

Медведев Солтүстік Корея басшысымен кездесті


Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир мен Ресей президенті Дмитрий Медведев. Бурятия, 24 тамыз 2011 жыл.
Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ир мен Ресей президенті Дмитрий Медведев. Бурятия, 24 тамыз 2011 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев Сібірдің шығысында Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ирмен келіссөз өткізіп жатыр.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесу Бурят республикасының астанасы Улан-Удэдегі әскери базада басталған.

Екі ел жетекшілері энергетикалық жобалар мен экономикалық көмек және ядролық қарусыздану мәселесін талқылауы тиіс.

Солтүстік Корея арқылы Оңтүстік Кореяға табиғи газ тасымалдайтын құбыр салу туралы Мәскеудің ұсынысына ерекше назар аударылуы мүмкін.

Ким Чен Ир Ресейге сенбі күні барған болатын.
XS
SM
MD
LG