Accessibility links

БҰҰ мен АҚШ Түркия-Израиль дипломатиялық жанжалына өкініш білдірді


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Анкараның Израильмен дипломатиялық байланысын әлсірететінін айтып, баспасөз мәслихатын өткізді. 2 қыркүйек 2011 жыл.
Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Анкараның Израильмен дипломатиялық байланысын әлсірететінін айтып, баспасөз мәслихатын өткізді. 2 қыркүйек 2011 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун бұрын одақтас болған Түркия мен Израиль арасында дипломатиялық жанжалдың бұрқ ете қалуына байланысты өкініш білдірді.

Жұма күні Түркия Израиль елшісін елден қуып, бұл мемлекетпен әскери ынтымақтастығын доғарды. Оның алдында БҰҰ өткен жылдың мамыр айында Газаға аттанған көмек көрсету флотилиясындағы рейдке қатысты өз баяндамасын жариялаған болатын. Израиль жүргізген рейд барысында тоғыз түрік азаматы қаза болған еді.

Израиль әлгі оқиғаға байланысты өкініш білдірді. Ал Түркия Израильдің кешірім сұрауын талап етіп отыр. Израиль кешірім сұраудан бас тартты.

АҚШ-тағы мемлекеттік департамент Түркия мен Израильдің өзара келіспеушіліктерін шеше алмауына байланысты өкініш білдірді.
XS
SM
MD
LG