Accessibility links

Украина Ливияда өз азаматтары қамалды деген ақпаратты зерттеп жатыр


Ливияның өтпелі үкіметінің күштері.
Ливияның өтпелі үкіметінің күштері.
Украина Ливияның өтпелі үкіметі Каддафи күштеріне сатылып мерген болды деген күдікпен 19 украиндықты қамады деген ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.

Украина Cыртқы істер министрлігінің өкілі AFP франциялық ақпарат агенттігіне, Триполидегі Украина елшілігі жергілікті билік өкілдерімен байланыс құрып, мәселені анықтап жатыр деді.

Ливияда тұтқындалған украиналықтар ресейлік телеарнаға берген сұқбаттарында, өздерінің еш кінәсі жоқ екенін айтқан. Олар Каддафи режимі құламай тұрғанда, Ливияға энергетикалық салада жұмыс істеуге келгендерін алға тартқан.
XS
SM
MD
LG