Accessibility links

Араб лигасы басшысы Сирияға қысым көрсету үшін Дамаскіге барады


Араб лигасының жаңадан сайланған басшысы Набил әл-Араби Каирдегі өзінің алғашқы ірі баспасөз мәслихаты барысында сөйлеп тұр. 19 шілде 2011 жыл.

Араб лигасының жаңадан сайланған басшысы Набил әл-Араби Каирдегі өзінің алғашқы ірі баспасөз мәслихаты барысында сөйлеп тұр. 19 шілде 2011 жыл.

Араб лигасының басшысы Сириядағы наразылық танытушыларды басып жаншып жатқан президент Башар әл-Асадтың режиміне қысым көрсету мақсатында бүгін Дамаскіге барады.

Араб лигасының бас хатшысы Набил әл-Арабидің Сирияға сапары басында сәрсенбіге жоспарланған еді бірақ Асад режимі оны үш кейінге кейінге шегерді.

Араб лигасы мемлекеттері Асад үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатып, саяси және экономикалық реформаларды бастауға шақырған болатын.

Халықаралық қауымдастық Сирия билігіне қысымын күшейтіп жатыр. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған елдегі қантөгіске байланысты Сирия президенті Башар әл-Асад биліктен айырылуы мүмкін деп ескертті.

Жұма күні Сирияда кемінде 5 наразылық танытушы өлтірілді деп хабарланды. Сириялық наразылық танытушылар халықаралық қауымдастықты өздерін қауіпсіздік күштерінен қорғауға көмектесуге шақырды.

БҰҰ-ның мәліметінше, наурыз айында Асад үкіметіне қарсы шерулер басталғалы бері Сирияда кемінде 2200 адам өлтірілген, олардың басым бөлігі - қарапайым азаматтар.
XS
SM
MD
LG