Accessibility links

Муаммар Каддафидің ұлдарының бірі Нигерге қашып барған


Муаммар Каддафидің ұлдары: Саади (сол жақта) және оның ағасы Сейф әл-Ислам.

Муаммар Каддафидің ұлдары: Саади (сол жақта) және оның ағасы Сейф әл-Ислам.

Ливияның биліктен тайдырылған жетекшісі Муаммар Каддафидің ұлдарының бірі Саади жексенбі күні Ливиямен көрші Нигерге барған.

Бұл туралы хабарлаған Нигер үкіметінің өкілі, қыркүйектің 11-і Ливия шекарасынан өтіп, Нигер астанасы Ниамейге бағыт алған автокөліктердің бірінде Саади Каддафидің болғанын айтады.

38 жастағы Саади Каддафи – Муаммар Каддафидің үшінші ұлы. Бұрын кәсіби футболмен айналысқан Саади кейін Ливия қарулы күштері бригадасын басқарған.

Бұған дейін Нигерге Каддафи билігі кезінде Ливияда жоғары лауазымды қызметте болған бірнеше адам қашып барған еді, ал Каддафидің өзі қайда екендігі әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG